HP LaserJet P4510 Printer series - Ақпараттық мәзір

background image

Ақпараттық мəзір

АҚПАРАТ мəзірінде өнім мен оның конфигурациясы жөніндегі жете ақпаратты беретін өнімнің
ақпараттық беті бар. Өзіңіз қалаған ақпараттық бетке өтіп,

OK

батырмасын басыңыз.

Тармақ

Түсіндіру

МƏЗІР КАРТАСЫН БАСЫП
ШЫҒАРУ

Басқару панелі мəзірінің тармақтарының жобасы мен ағымдық параметрлерін
көрсететін басқару панелі мəзірінің картасы.

БАСПА
КОНФИГУРАЦИЯСЫ

Өнімнің ағымдық конфигурациясын басып шығарады. HP Jetdirect баспа сервері
орнатылған жағдайда сонымен қатар HP Jetdirect конфигурациялау беті де басып
шығарылады.

ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
ҚҰРАЛДАРЫ МƏРТЕБЕСІ
БЕТІН БАСЫП ШЫҒАРУ

Өнімнің қамсыздандыру құралдарының деңгейлерін, қалған беттердің мөлшерлі санын,
картридждің пайдаланылуы жөніндегі ақпаратты, сериялық нөмірді, бет санағын жəне
тапсырыс беруге қажетті ақпаратты көрсететін қамсыздандыру құралдарының мəртебе
бетін басып шығарады. Бұл бетті сіз тек шынайы HP қамсыздандыру құралдарын
пайдаланған жағдайда ғана шығара аласыз.

ПАЙДАЛАНУ БЕТІН БАСЫП
ШЫҒАРУ

Өнімнен өткен барлық қағаз өлшемдерінің санағын көрсететін, олардың бір жақты
немесе екі жақты болғанын тізімдейтін бетті басып шығарады.

ФАЙЛ КАТАЛОГЫН
БАСЫП ШЫҒАРУ

Барлық орнатылған деректер сақтау құрылғылары туралы ақпарат беретін файл
каталогын басып шығарады. Бұл тармақ өнімде нақты файлдық жүйесі бар деректер
сақтау құрылғылары орнатылған жағдайда ғана шығарылады.

PCL ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН
БАСЫП ШЫҒАРУ

Сол мезетте өнімде бар барлық PCL қаріптерін көрсететін PCL қаріптерінің тізімін басып
шығарады.

PS ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН
БАСЫП ШЫҒАРУ

Сол мезетте өнімде бар барлық PS қаріптерін көрсететін PS қаріптерінің тізімін басып
шығарады.

KKWW

Ақпараттық мəзір

17