HP LaserJet P4510 Printer series - Баспа сапасының қосымша мәзірі

background image

Баспа сапасының қосымша мəзірі

Бұл мəзірдегі кейбір тармақтарға бағдарламалық құралдан немесе принтер драйверінен қол
жеткізуге болады. Бағдарламалық құрал мен принтер драйверінің параметрлері басқару
панелінің параметрлерінен басым күшке ие. Негізінен, мүмкін болған жағдайда бұл
параметрлерді принтер драйверінде өзгерткен дұрыс.

KKWW

Құрылғыны конфигурациялау мəзірі

21

background image

Тармақ

Мəндер

Түсіндіру

ТІРКЕУ КЕЗЕКТІЛІГІ

ТЕКСЕРУ БЕТІН БАСЫП
ШЫҒАРУ

ҚАЙНАР КӨЗ

[N] НАУАНЫ РЕТТЕУ

Жиектерін туралауды беттегі сурететтің ортасынан
жоғарыдан төмен жəне солдан оңға жылжытады. Сонымен
қатар, сіз алдыңғы жақтағы басылған суретті өң ретінде
басылған суретке өзгерте аласыз. Бір жақты жəне жақты
баспа туралауына рұқсатты.

ТЕКСЕРУ БЕТІН БАСЫП ШЫҒАРУ: Сол мезеттегі тіркеу
параметрлерін көрсететін тексеру бетін басып шығарады.

ҚАЙНАР КӨЗ: Өзінің тексеру бетін басып шығарғыңыз
келетін науаны таңдаңыз.

[N] НАУАНЫ РЕТТЕУ: Таңдалған науаның тіркеуін
орнатады, бұндағы [N] науа саны болып табылады. Таңдау
əрбір орнатылған науа бойынша шығарылып, тіркеуді əр
науа үшін орындауға болады.

X1 SHIFT: Қағаздағы суретті қағаздың науадағы
жатқанындай бір жағынан екінші жағына тіркеу.
Дуплекстеу үшін, бұл жағы болып қағаздың екінші
жағы табылады.

X2 SHIFT: Қағаздағы суретті қағаздың науадағы
жатқанындай бір жағынан екінші жағына тіркеу,
дуплекстелген парақтың бірінші (алдыңғы) жағы үшін.
Бұл тармақ өнімнің ішкі дуплекстеушісі болып,
ДУПЛЕКС ҚОСУЛЫ етіп орнатылған жағдайда ғана
шығарылады. Алдымен X1 SHIFT орнатыңыз.

Y SHIFT: Қағаздағы суретті қағаздың науадағы
жатқанындай жоғарыдан төмен тіркеу.

ҚАЙНАР КӨЗ стандартты параметрі болып TRAY 2 (2-
Науа) табылады. ADJUST TRAY 1 (1-Науаны реттеу) жəне
ADJUST TRAY 2 (2-Науаны реттеу) үшін стандартты
параметр болып 0 табылады.

ТЕРМОБЕКІТКІШ
РЕЖИМДЕРІ

Қолжетімді қағаздар тізімі

Термобекіткіш режимдерін қағаздың əр түріне сəйкес
конфигурациялайды.

Термобекіткіш режимін нақты қағаз түріне басып шығару
барысында қиыншылықтарға тап болғаныңызда ғана
өзгертіңіз. Сіз қағаз түрін таңдағаныңыздан кейін сіз
термобекіткіш режимін сол түрге сəйкес таңдай аласыз.
Өнім келесідей режимдерді қолдайды:

ҚАЛЫПТЫ: Қағаз түрлерінің көбі үшін пайдаланылады.

ЖЕҢІЛ1: Қағаз түрлерінің көбі үшін пайдаланылады.

ЖЕҢІЛ2: Осы режимді умаж баспа құралына тап
болғаныңызда таңдаңыз.

АУЫР: Тегіс емес қағаз үшін пайдаланылады.

Термобекіткіштің стандартты режимі болып барлық баспа
құралдарының түрі үшін ЖЕҢІЛ1 табылады,
диапозитивтер (ЖЕҢІЛ2) жəне тегіс емес қағаздан
(АУЫР) өзге.

22

Бап 2 Басқару панелі

KKWW

background image

Тармақ

Мəндер

Түсіндіру

ЕСКЕРТУ:

Диапозитивтерге арналған термобекіткіш

режимін өзгертпеңіз. Диапозитивтерді басып шығару
барысындағы ЖЕҢІЛ2 параметрін пайдалану мүмкінсіздігі
өнім мен термобекіткішті ұзағынан зақымдауы мүмкін.
Əрқашан Transparencies (Диапозитивтер) түрін баспа
драйверінде таңдап, өнімнің басқару панелінде
науаныДИАПОЗИТИВдеп орнатыңыз.

ҚАЙТАРУ РЕЖИМДЕРІ таңдалғанда, ол əрбір қағаз түрінің
термобекіткіш режимін өзінің стандартты параметріне
қайтарады.

ОЙҢТАЙЛЫЛАНДЫРУ

Қағаз түрі бойынша
оңтайлыландырудың
орнына (немесе қосымша
түрде) барлық тапсырмалар
үшін кейбір параметрлерді
оңтайлыландырады.

ЖЕЛІ ЖЕТЕСІ

Айқын емес бейнелер болу жағдайында осы параметрді
қосыңыз.

ОҢТАЙЛЫЛАНДЫРУДЫ
ҚАЙТАРУ

Осы тармақты барлық ОЙҢТАЙЛЫЛАНДЫРУ
параметрлерді ӨШІРУЛІ етіп өзгерту үшін пайдаланыңыз.

АЖЫРАТЫМДЫЛЫҚ

300

600

FASTRES 1200

PRORES 1200

Ажыратымдылықты таңдаңыз. Барлық мəндер бір
жылдамдықпен басылып шығарылады.

300: Жоба сапасын шығарып, өнімнің HP LaserJet III
тобымен үйлесу үшін пайдаланыла алады.

600: Мəтіндер үшін жоғары баспа сапасын шығарып,
өнімнің HP LaserJet 4 тобымен үйлесу үшін пайдаланыла
алады.

FASTRES 1200: Бизнес мəтіндерінің немесе
графикасының 1200 н/д жылдам, жоғары сапалы баспасын
қамтамасыз етеді.

PRORES 1200: Штрихты суреттер мен графикалық
суреттердің 1200 н/д жылдам, жоғары сапалы баспасын
қамтамасыз етеді.

ЕСКЕРІМ:

Ажыратымдылықты бағдарламада немесе

принтер драйверінде өзгерткен дұрыс. (Бағдарламалық
құрал мен принтер драйверінің параметрлері басқару
панелінің параметрлерінен басым күшке ие).

Стандартты параметр FASTRES 1200 болып табылады.

ТАБУ

ӨШІРУЛІ

ЖЕҢІЛ

ОРТАША

КҮҢГІРТ

Ажыратымдылықты жақсарту технологиясы (REt)
параметрін біркелкі бұрыштарға, қисық сызықтарға жəне
жиектерге қол жеткізу үшін пайдаланыңыз.

Басып шығару сапасы FastRes 1200 немесе ProRes 1200
етіп орнатылған жағдайда REt баспа сапасына əсер
етпейді. Барлық баспа ажыратымдылықтары REt тиімді.

ЕСКЕРІМ:

REt параметрлерін бағдарламада немесе

принтер драйверінде өзгерткен дұрыс. (Бағдарламалық
құрал мен принтер драйверінің параметрлері басқару
панелінің параметрлерінен басым күшке ие).

Стандартты параметр ОРТАША болып табылады.

ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІ

ҚОСУЛЫ

ӨШІРУЛІ

Үнемдеу режимі өнімге əр бетке азырақ тонер пайдалану
мүмкіндігін беретін мүмкіндік болып табылады. Бұл
опцияны таңдау қамсыздандыру материалының тонерінің

KKWW

Құрылғыны конфигурациялау мəзірі

23

background image

Тармақ

Мəндер

Түсіндіру

қызмет мерзімін ұзартып, əр беттің өзіндік құнын
төмендетеді. Дегенмен, ол баспа сапасын да төмендетеді.
Басып шығарылған бет ашығырақ болады, бірақ жобалар
мен тексерулер үшін жарамды.

HP компаниясы үнемі Үнемдеу режимін пайдалана беруді
ұсынбайды. Үнемдеу режимі үнемі пайдаланылаған
жағдайда қамсыздандыру материалындағы тонер баспа
картриджінің механикалық бөлігінің қызмет мерзімінен
асып кетуі мүмкін. Егер баспа сапасы осы себептерге
байланысты нашарлай бастаған жағдайда сізге ескі
қамсыздандыру материалындағы тонер қалғанына
қарамастан жаңа баспа картриджін орнату қажет етіледі.

ЕСКЕРІМ:

Үнемдеу режимін бағдарламада немесе

принтер драйверінде қосқан дұрыс. (Бағдарламалық құрал
мен принтер драйверінің параметрлері басқару панелінің
параметрлерінен басым күшке ие).

Стандартты параметр ӨШІРУЛІ болып табылады.

ТОНЕР ҚОЮЛЫҒЫ

1-ден 5-ке дейін

Беттің басып шығарылуын тонер қоюлығының параметрі
арқылы ашықтау немесе қоюрақ ету. 1 (ашық) 5 (қою)
аралығында параметр таңдаңыз. Стандартты параметр
болып табылатын 3 əдетте ең жақсы нəтиже береді.

АВТО ТАЗАЛАУ

ӨШІРУЛІ

ҚОСУЛЫ

Осы опцияны өнім белгілі бір парақ санын басып
шығарғаннан кейін автоматты түрде тазалап отыруы үшін
пайдаланыңыз. ТАЗАЛАУ АРАЛЫҒЫ тармағын беттер
санын белгілеу үшін пайдаланыңыз.

Стандартты параметр ӨШІРУЛІ болып табылады.

ТАЗАЛАУ АРАЛЫҒЫ

1000

2000

5000

10000

20000

Бұл тармақ АВТО ТАЗАЛАУ қосылған жағдайда ғана
шығарылады.

Өнім өзінен кейін тазалауды орындауы тиіс бет санын
таңдаңыз.

АВТО ТАЗАЛАУ ӨЛШЕМІ

ХАТ ӨЛШЕМІ

A4

Бұл тармақ АВТО ТАЗАЛАУ қосылған жағдайда ғана
шығарылады.

Тазалау бетін автоматты түрде жасау мақсатымен бет
өлшемін көрсету үшін пайдаланыңыз.

ТАЗАЛАУ БЕТІН ҚҰРУ

Таңдайтын мəн жоқ.

Тазалау бетін басып шығару үшін (термобекіткіштегі
тонерді тазалау үшін)

OK

батырмасын басыңыз. Тазалау

бетіндегі нұсқауларды орындаңыз. Көбірек ақпарат алу
үшін, қараңыз

Қағаз жолын тазалау 141-бетте

.

ТАЗАЛАУ БЕТІН ӨҢДЕУ

Таңдайтын мəн жоқ.

Бұл тармақ тазалау беті жасалғаннан кейін ғана
шығарылады. Тазалау бетінде басып шығарылған
нұсқауларды орындаңыз. Тазалау процессі 2.5 минутқа
дейін уақытты алуы мүмкін.

24

Бап 2 Басқару панелі

KKWW