HP LaserJet P4510 Printer series - Басқару панеліндегі хабарлардың түрі

background image

Басқару панеліндегі хабарлардың түрі

Басқару панеліндегі хабарлардың төрт түрі өнімнің қалпын немесе мəселелерін көрсете алады.

Хабар түрі

Сипаттамасы

Қалпы туралы хабары Қалпы туралы хабарлар өнімнің қазіргі қалпын көрсетеді. Олар өнімнің қалыпты жұмыс істегенін

көрсетіп, оларды өшіруді қажет етпейді. Өнімнің қалпы өзгерген кезді, оларда өзгереді.
Əрқашан өнімнің тапсырмалары аяқталып, ешқандай ескерту хабарлары болмай, жұмысқа
дайын болып жəне желіге қосылып тұрған кезде, Ready (Дайын) деген қалпы туралы хабар
көрсетіледі.

Ескерту хабарлары

Ескерту хабарлары деректер немесе баспа қателері түралы хабарлайды. Бұл хабарлар
Ready (Дайын) немесе қалпы туралы хабарларымен ауысып тұрады жəне

OK

басылғанынша

өзгермейді. Кейбір ескерту хабарларды өшіруге болады. Егер CLEARABLE WARNINGS
(ӨШІРІЛЕТІН ХАБАРЛАР) өнімнің ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірінде JOB
(ТАПСЫРМА) дегенге қойылған болса, келесі баспа тапсырмалары бұл хабарларды өшіреді.

Қате туралы
хабарлар

Қате хабарлар іс-əрекет, мысалы қағазды салу немесе кептелген қағазды алып тастау, қажет
екендігін хабарлайды.

Кейбір қате туралы хабарлар өздігінен жалғастырылады. Егер AUTO-CONTINUE (ӨЗДІГІНЕН
ЖАЛҒАСТЫРУ) мəзірлерді қойылған болса, өздігінен жалғастырылатын хабар 10 секундке
шығып өшкеннен кейін өнім қалыпты жұмысын жалғастырады.

ЕСКЕРІМ:

Өздігінен жалғастырылатын қате туралы хабардың 10 секундке шыққан кезінде кез

келген бір батырманы бассаңыз, сол хабар өшіріліп, батырманың функциясы орындалады.
Мысалы,

батырмасын бассаңыз, баспа жұмысы тоқтатылып, баспа тапсырмасын жою

мүмкіндігі ұсынылады.

Аса маңызды қате
түралы хабарлар

Аса маңызды қате туралы хабарлар өнімнің істен шығуын хабарлайды. Осындай хабарлардың
кейбіреуін өнімді өшіріп, қайта қосу арқылы өшіруге болады. Бұл хабарларға AUTO-
CONTINUE
(ӨЗДІГІНЕН ЖАЛҒАСТЫРУ) параметрі əсер етпейді. Егер аса маңызды қате туралы
хабар өшірілмесе, онда өнімге техникалық қызмет көрсету қажет.