FCC ережелері
Бұл жабдық сынақтан өтті жəне FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес В кластық цифрлы
құрылғыға қойылытын шектеулерге сəйкес деп табылды. Бұл шектеулер стационарлық
қондырғыдағы жағымсыз əсерлерден дұрыс қорғауды қамтамасыз ету үшін енгізілген. Бұл
жабдық радио жиілігіндегі энергияны өндіреді, пайдаланады жəне тарата алады. Егер бұл жабдық
нұсқауларға сəйкес орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, ол радиобайланысқа зиянды кедергі
келтіруі мүмкін. Бірақ, нақты бір қондырғыда жағымсыз əсерлердің болмайтындығына кепілдік
беруге болмайды. Егер бұл жабдық радио немесе телевизиялық қабылдауға зиянды кедергі
жасайтын болса, ал мұны жабдықты өшіру жəне қосу арқылы анықтауға болады, пайдаланушы
мұндай кедергіні жою үшін төмендегі шаралардың бірін немесе бірнешеуін қолданып көруі тиіс:
●
Қабылдау антеннасының бағытын өзгертіңіз немесе орнын ауыстырыңыз.
●
Жабдық пен қабылдағыштың аралығын үлкейтіңіз.
●
Жабдықты электр тізбегіндегі қабылдағыш қосылған штепсель розеткасынан басқа
розеткаға жалғаңыз.
●
Сату жөніндегі тиісті агентпен немесе радио/теледидармен жұмыс істейтін тəжірибелі
техникпен ақылдасыңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP тарапынан анық түрде мақұлданбаса, принтердегі кез келген өзгерістер мен
модификациялар пайдаланушыны осы жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
FCC ережелерінің 15-бөліміндегі В класына арналған шектеулерге сəйкес болу үшін метал
тормен қорғалған интерфейстік кабельді пайдалану қажет.
228 Қосымша D Нормативтік ақпарат
KKWW