HP LaserJet P4510 Printer series - Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды пайдалану туралы

background image

Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды

пайдалану туралы

Осы құрылғы осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін түрлі басып
шығарғыш арқауларымен жұмыс істеуге арналып жасалған. Аталған талаптарға сай келмейтін
қағазды немесе арқауларды пайдалану мынадай салдарға əкеліп соғуы мүмкін:

басып шығару сапасының төмендеуі;

қағаздың жиі кептеліп қалуы;

құрылғының механикалық бөлшектерінің мерзімінен бұрын тозып, соның салдарынан оның
жиі жөнделуі;

Барынша жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін тек HP таңбалы қағаз бен арқауды пайдаланыңыз. Тек
сиялы басып шығарғыштарда басып шығаруға арналған қағазды немесе арқауды
пайдаланбаңыз. Hewlett-Packard компаниясы басқа өндірушілердің басып шығаруға арналған
арқауларын пайдаланбауға кеңес береді, себебі олардың сапасына кепілдік бере алмайды.

Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару сапасының қанағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ:

HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану басып

шығарғыштың зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі таралмайды.

74

Бап 6 Қағаз жəне баспа медиасы

KKWW