Құрылғыны қайтадан қорабына салу
Егер HP Тұтынушыларды қорғау қызметі құрылғы жөндеу үшін HP компаниясына қайтарылуы
керек деп ұйғарса, құрылғыны тасымалдар алдында оны қайтадан қорабына салу үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін
жауапкершілікті тұтынушы көтереді.
Құрылғыны қайтадан қорабына салу үшін
1.
Өзіңіз сатып алып, құрылғыға салған барлық DIMM карталарын шығарып алыңыз.
Құрылғымен бірге келген DIMM карталарын шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Статикалық электр DIMM карталарын зақымдауы мүмкін. DIMM карталарын
ұстаған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз, не болмаса жиі-жиі DIMM картасының
статикаға қарсы орауышын ұстап, содан кейін құрылғыдағы жалаң металды ұстап тұрыңыз.
DIMM карталарын шығарып алу үшін
Жадты орнату 130-бетте
қараңыз.
2.
Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Құрылғыны жіберер алдында баспа картриджін шығарып алудың маңызы аса
зор. Құрылғының ішінде қалып қойған баспа картриджі тасымалдау кезінде ағып,
құрылғының механизміне жəне басқа бөлшектерге түгел тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.
3.
Қуат кабелін, интерфейстік кабельді жəне қосымша керек-жарақтарды ажыратып алып,
сақтап қойыңыз.
218 Қосымша B Қызмет жəне Қолдау
KKWW
4.
Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.
5.
АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды ұсынады.