Енгізілген веб-серверін пайдалану
Енгізілген веб-сервері өнім мен желінің мəртебесін көруге жəне басып шығару функцияларын
өнімнің басқару панелінің орнына компьютерден басқаруға мүмкіндік береді. Енгізілген веб-
серверді қолданып, не атқара алатыныңыздың мысалдары:
ЕСКЕРІМ:
Өнім компьютерге тікелей қосылып тұрған кезде, HP Easy Printer Care
бағдарламалық жасақты қолдану арқылы өнімнің күйін қарау.
●
Өнімнің басқару панелінің күйі жөніндегі ақпаратты қараңыз
●
Барлық қамсыздандыру материалдарының қалған қызмет ету мерзімдерін анықтаңыз жəне
жаңаларына тапсырыс беріңіз.
●
Науа конфигурацияларын қараңыз жəне өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мəзір конфигурациясын қараңыз жəне өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз жəне басып шығарыңыз
●
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын қараңыз жəне өзгертіңіз
●
Өнімнің қазіргі күйіне лайық қолдау көрсету мазмұнын қараңыз
Енгізілген веб-серверді қолдану үшін сізде Windows, Mac OS немесе Linux (тек Netscape)
арналған Microsoft Internet Explorer 5.01, Netscape 6.2 немесе олардың кейінгі нұсқалары болуы
керек. HP-UX 10 жəне HP-UX 11 дегендерге Netscape Navigator 4.7 қажет. Енгізілген веб-сервері
өнім IP протоколына негізделген желіге қосылған кезде істейді. Енгізілген веб-сервер IPX-
негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. Енгізілген веб-серверді пайдалануға интернет
байланысы қажет етілмейді.
Өнім желіге жалғанған жағдайда енгізілген веб-серверіне қол жеткізу автоматты түрде қосылады.