HP Web Jetadmin пайдаланып, микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Бұл іс ретін орындау үшін компьютеріңізде HP Web Jetadmin жасақтамасының 7.0 немесе одан
кейінгі нұсқасы орнатылған болуы керек. Жалғыз өнімді HP Web Jetadmin арқылы жаңарту үшін
HP веб-торабынан .RFU файлын жүктеген соң, келесі қадамдарды орындаңыз.
1.
HP Web Jetadmin жұмысын бастаңыз.
2.
Navigation (Шарлау) панеліндегі ашылмалы тізімнен Device Management (Құрылғыны
Басқару) папкасын ашыңыз. Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасына өтіңіз.
3.
Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасын ашып All Devices (Барлық Құрылғылар)
тармағын таңдаңыз. Құрылғылар тізімінен өнімді тауып алып, таңдаңыз.
Егер өнімдерге арналған микробағдарламалық жасақтаманы жаңартқыңыз келсе,
Ctrl
пернесі арқылы барлығын белгілеп таңдаңыз.
4.
Терезенің жоғарғы оң жағынан Device Tools (Құрылғы құралдары) тармағының ашылмалы
тізімін табыңыз. Əрекеттер тізімінен Update Printer Firmware (Принтер
микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту) тармағын таңдаңыз.
5.
Егер .RFU файлдың аты All Available Images (Барлық бейнелер) тізімінде жоқ болса, Upload
New Firmware Image (Жаңа микробағдарламалық жасақтаманың бейнесін жүктеу) тілқатысу
терезесінде Browse (Шолу) батырмасын басып, осы процедураның басында веб-торабынан
сіз көшіріп алған .RFU файлдың орналасқан жеріне барыңыз. Егер файлдың аты тізімде бар
болса, таңдаңыз.
6.
Upload (Жүктеу) батырмасын басып, .RFU файлын қатқыл дискіңізден HP Web Jetadmin
серверіне жүктеңіз. Жүктеу аяқталған соң браузер терезесі жаңартылады.
144 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету
KKWW
7.
Printer Firmware Update (Принтер микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту)
ашылмалы мəзірінен .RFU файлды таңдаңыз.
8.
Printer Firmware Update (Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту) дегенді шертіңіз. HP
Web Jetadmin таңдалған .RFU файлды өнімге жібереді. Басқару панелі жаңарту барысын
көрсететін хабарларды шығарады. Жаңарту процессінің соңында басқару панелі Дайын
хабарын көрсетеді.