HP LaserJet P4510 Printer series - HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту

background image

HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту

Өнімдегі HP Jetdirect желілік интерфейсінде өнімнің микробағдарламалық жасақтамасынан бөлек
жаңартылатын микробағдарламалық жасақтама бар. Бұл іс ретін орындау үшін
компьютеріңізде HP Web Jetadmin жасақтамасының 7.0 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған
болуы керек. Келесі қадамдарды орындап, HP Web Jetadmin арқылы HP Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңартыңыз.

1.

HP Web Jetadmin жасақтамасын ашыңыз.

2.

Navigation (Шарлау) панеліндегі ашылмалы тізімнен Device Management (Құрылғыны
Басқару) папкасын ашыңыз. Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасына өтіңіз.

3.

Сіз жаңартқыңыз келетін өнімді таңдаңыз.

4.

Device Tools (Құрылғы құралдары) ашылмалы тізімінен Jetdirect Firmware Update (Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту) тармағын таңдаңыз.

5.

Jetdirect firmware version (Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасының нұсқасы)
тармағының астында HPJetdirect моделінің нөмірі мен микробағдарламалық жасақтаманың
қазіргі нұсқасы көрсетіледі. Келесілерді ескеріңіз.

6.

http://www.hp.com/go/wja_firmware

торабына барыңыз.

7.

HP Jetdirect моделінің нөмірлер тізімінен жазып алған модельдің нөмірін тауып алыңыз.

KKWW

Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 145

background image

8.

Модельге көрсетілген микробағдарламалық жасақтамасының қазіргі нұсқасын қарап, ол
жазып алған нұсқадан жаңалау немесе ескілеу екенін тексеріңіз. Егер ол жаңалау болса,
онда микробағдарламалық жасақтамасының сілтемесін шертіп, веб-бетінде берілген
нұсқауларды орындау арқылы микробағдарламалық жасақтамасының файлын көшіріңіз.
Бұл файл HP Web Jetadmin жасақтамасы жұмыс істеп тұрған компьютеріңіздегі келесі
папкаға сақталу керек: <диск>:\PROGRAM FILES\HP WEB JETADMIN\DOC\PLUGINS\HPWJA
\FIRMWARE\JETDIRECT.

9.

HP Web Jetadmin жасақтамасында негізгі өнім тізіміне оралып, сандық жіберушіні қайтадан
таңдаңыз.

10.

Device Tools (Құрылғы құралдары) ашылмалы тізімінен Jetdirect Firmware Update (Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту) тармағын таңдаңыз.

11.

HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасының бетінде жаңа жасақтамасының нұсқасы
Jetdirect Firmware Available on HP Web Jetadmin (HP Web Jetadmin жасақтамасындағы
Jetdirect микробағдарламалық жасақтамалар) тармағында тізімделеді. Update Firmware
Now
(Микробағдарламалық жасақтаманы Қазір Жаңарту) батырмасын басып, Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңартыңыз.

146 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету

KKWW