HP LaserJet P4510 Printer series - Енгізілген веб-серверді қауіпсіздендіру

background image

Енгізілген веб-серверді қауіпсіздендіру

Сіз енгізілген веб-сервердің конфигурациясын Settings (Параметрлер) жəне Networking (Желіге
қосылу) жиекбелгілерін ашуға құпия сөзді қажет ететіндей өзгерте аласыз.

1.

Өнімнің IP адресін веб-браузердің адрес жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді ашыңыз.

2.

Settings (Параметрлер) жиекбелгісін ашып, бейнебетің сол жағындағы мəзірден Security
(Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз.

3.

Device Password (Құрылғының құпия сөзі) аймағында New Password (Жаңа құпия сөз) жəне
Verify Password (Құпия сөзді растау) жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз. Егер сіз құпия
сөзді қойған болсаңыз Old Password (Ескі Құпия Сөз ) жолында ескі құпия сөзді енгізіңіз.

4.

Apply (Қолдану) батырмасын басыңыз.