Үнемдеу Режимі
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу
Режимі тонерді аздау пайдаланып, бір парақты басып шығару шығынын азайтады. Алайда,
Үнемдеу Режимі баспа сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы Үнемдеу Режиміді əрдайым қолданбауды ұсынады. Егер Үнемдеу Режимі
əрдайым қолданылса, тонер баспа картриджінің механикалық бөлшектерінен ұзағырақ қызмет
етуі мүмкін. Егер осындай жағдайда баспа сапасы нашарлай бастаса, онда картриджде тонер
қалса да, сізге жаңа картриджді орнату қажет болады.
Үнемдеу Режимін келесі жолдардың біреуімен қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады:
●
Өнімнің басқару панелінде ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірін ашып, БАСЫП
ШЫҒАРУ САПАСЫ ішкі мəзірін таңдаңыз. Үнемдеу Режимі бастапқы кезінде өшірулі
болады.
●
Енгізілген веб-серверде Settings (Параметрлер) жиекбелгісін ашып, Configure Device
(Құрылғының Конфигурациясын Өзгерту) опциясын таңдаңыз. Print Quality (Баспа Сапасы)
ішкі мəзіріне барыңыз.
●
Macintosh жүйесіне арналған HP Принтерінің Утилитасында Configuration Settings
(Конфигурация параметрлері) тармағын таңдап, Economode & Toner Density (Үнемдеу
Режимі жəне Төнердің Тығыздығы) батырмасын шертіңіз.
●
Windows PCL басып шығарғыштың драйверінде Paper/Quality (Парақ/Сапа) жиекбелгісін
ашып, EconoMode (Үнемдеу Режимі) опциясын таңдаңыз.