HP LaserJet P4510 Printer series - HP Әмбебап Принтер Драйвері (UPD)

background image

HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD)

Windows арналған HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD) жалғыз драйвер болып табылады əрі
ол жекелеген драйверлерді жүктеместен кез келген жерден кез келген HP LaserJet өніміне
виртуалды кіру мүмкіндігін береді. Бұл дəлелденген HP принтер драйверінің технологиясына
негізделген жəне ол егжей-тегжейлі тестіленген жəне көптеген бағдарламалық құралдармен
қолданылады. Бұл өте күшті шешім əрі ол уақыт өткен сайын бір текті орындалады.

HP UPD əрбір НР өнімімен тікелей байланыстырады, конфигурация ақпаратын жинайды жəне
содан кейін өнімнің ерекшелігін, қолдағы мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушының
интерфейсін сəйкестендіреді. Екі жақты басу жəне степлерлеу сияқты өнімдер үшін
мүмкіндіктерді автоматты түрде енгізеді, сондықтан Сізге оларды қолмен енгізуге тура келмейді.

Көбірек ақпарат алу үшін

www.hp.com/go/upd

бетіне өтіңіз.